летопись театра

                 Наталья Илинична Сац – 1918 жылы Москва қаласында ашылған, әлемдегі тұңғыш балалар театрының іргесін қалаушы, балалардың сүйікті апайы.  1943 жылы тағдырдың жазмышымен Алма-ата қаласына көшіп келіп, жұмысын жалғастырады, Қазақстанда балаларға арналған театр ашу ойын жүзеге асыру үшін дереу іске кіріседі.                                                              

                 Жаңа ЖКТ-ына, Қазақ ССР-і үкіметінің шешімімен, соғыс кезінде Алма-Атаға эвакуацияландырылған «Мосфильм» және «Ленфильм» студияларынан құралған, Орталық Біріктірілген киностудияның түсірілім павильондарының бірі орналасқан, Алма-Атаның орталығындағы ғимарат беріледі. Бұған дейін ол бір қабатты Алма-Атадағы бірінші «биік» кинотеатр болған. Онда "Иван Грозный", "Машенька", "Секретарь райкома", "Они сражались за Родину" фильмдерінің эпизодтары түсіріледі. Түсірілімдер фойеде және көрермендер залында жүргізілетін, ал ғимараттың қалған бөлігі актерлер мен режиссерлер үшін жатақханаға айналдырылады. Ғимарат толығымен «Өнер үйі» деген атаумен белгілі болатын.  «Өнер үйі» жатақханасында кинорежиссер Сергей Эйзенштейн, ақын Владимир Луговской, соғыс жылдарында Алма-Атаға көшірілген көптеген әртістер мен жазушылар тұрады. Үкіметтің қаулысымен бір мезгілде ғимаратты қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылданады. Әр жексенбі күндері қала жастары жексенбілікке ЖКТ-ына келетін. Театрды құрылысшылар мен комсомолдармен бірге болашақ әртістер де салды. Олар кешкі уақыттарда, салынып бітпеген бөлмелерде, «Красная шапочка» («Қызыл телпек») алғашқы қойылым бойынша дайындықтар жүргізетін, жаңа театрдың дамуы жолдары туралы қызу дауласатын, ал таңертең құрылысқа шығатын.                                                                                                                                                   Театр алғашқы қадамын «кіндік әкелері» - белгілі Сергей Эйзенштейн және Николай Черкасовпен бастады. Оларға театр мен киноның басқа да үлкен шеберлері көмектесті – белгісіз жас есімдерге көрермендердің назарын аудару үшін олар ЖКТ-ының жас әртістерімен бірге концерттерге шығып отырады.                        

... 1945 жылдың 7 қарашасында мерекелік таңда алматылық бүлдіршіндер өздерінің театрларының табалдырығын бірінші рет аттайды. Күндіз Наталья Сацпен қойылған Евгений Цварцтің «Красная шапочка» («Қызыл телпек») қойылылымы беріледі. Кешке – Виктор Сергеевич Розовпен дайындалған Исидор Штоктың «Осада Лейдена» («Тиль Уленшпигель») қойылымы беріледі. Ал үш жылдан кейін Алексей Толстойдың «Золотой ключик» («Алтын кілт») ертегісімен театрдың қазақ труппасы жұмысын бастайды.                                                       Біздің театрда С. Михалковтың төрт пьесасы қойылды, - деп Наталия Илинична Сац есіне түсіреді. – Мен ерекше жақсы көретін «Два каптана» («Екі капитан») пьесасы, И. Луковскийдің қызықты фантастикалық пьесасы. В. Каверин «Два капитана», С. Михалков «Особое задание» және «Я хочу домой», И.Луковский «Гибель дракона», А. Толстой «Золотой ключик» және В. Шекспир «Два веронца» (қазақ тілінде) қойылымдарын  және бірқатар пьесаларды мен қойдым, С. Михалков «Красный галстук» қойылымының режиссері И. Барон. Театрда В. Молчанов және А. Алексеев сияқты режиссерлер де жұмыс істеді. А. Алексеевпен қойылған Л. Малюгиннің «Старые друзья» қойылымы зор қошемет табысқа ие болды. ... Алма-Ата консерваториясымен тығыз байланыста болуым арқасында үшінші курс студенті Ермек Серкебаевтың сирек дауысы мен ерекше музыкалық қабілетін байқадым. «Два капитана»  («Екі капитан») қойылымына ән орындау үшін шақырдым. Ермек ән салып жатқанда, көрермендер залына кіріп кетуге әрқашанда уақыт табуға тырысатынымды да жасырмаймын, мен оның қою дауысына ғашық болдым, әрбір музыкалық нюансты жинақты, нақышына келтіріп орындауына тәнті едім. Енді Ермек Серкебаевтің Кеңес Одағының Халық әртісі, көптеген конкурстардың лауреты болған кезінде, сол кездерді жылы сезіммен есіме түсіремін...                                                                                                                                  

               ... Біздің қойылымдарымызға композитор Серафим Туликов және жергілікті музыканттар Евгений Манаев, Владимир Великанов және басқалар тамаша музыкалар жазды.                                       

                   Бүгінгі күнде Қазақстанның балалар мен жасөспірімдер театрына оның ұйымдастырушысы мен басты рух берушісі Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Наталия Ильинична Сацтың есімі берілген. Театрдың осы есімді лайықты алып жүруімен қатар, 1945 жылы осы керемет әйелмен енгізілген дәстүрлерді өмір бойы қорғап, ұстанатына сенімдіміз.

Уважаемые ценители исскуства!

Полную историю нашего театра вы можете прочитать в книгах выдающегося летописца ТЮЗа -Людмилы Мананниковой.

"Я родом из ТЮЗа"

"Пьеса прочитана, ждите премьеры"

часть 1

"Пьеса прочитана, ждите премьеры"

часть 2

Людмила  Мананникованың

 

блогы

И полюбил он маленькую старушку…

Сау болыңдар, жігіттер, үйге аман қайтуға тырысыңдар!

Мы гордимся нашей Победой!

Cпектакль «Миллионерша»

Сау болыңдар, жігіттер, үйге аман қайтуға тырысыңдар!

Қазақстан Республикасы
Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер мемлекеттік академиялық орыс театры
Алматы қаласы
Шаляпин көшесі, 22