Қымбатты достар! Құрметті көрермендер!

Н. Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер орыс театры өзінің мерейтойлық 75-ші маусымын аяқтар шағында биік мәртебелі өнерсүйер қауымға сүйіспеншілігі мен адалдығы үшін зор алғыс білдіреді!  

          Бұл маусымда аты аңызға айналған театрдың труппасы көрермендерді спектакльдерінің алтын топтамасымен қатар дарыны ерекше белгілі режиссер Еслям Нуртазиннің «Алдар-Косе. New version» спектаклі мен итальяндық драматург А. Барикконың трагикомедиясы бойынша қойылған «Ниагара сарқырамасы» спектаклі сияқты аса табысты премьералармен қуантты.

Бұдан бөлек, Р. Том пьесасының желісімен қойылған «Сегіз ғашық әйел» атты комедиялық детектив те осы маусымның хитіне айналды. Бұл қойылымда Татьяна Костюченко, Ольга Бобрик, Мария Коваленко, Наталья Бардина, Наталья Лунина, Александра Качанова, Ирина Арнаутова және Елена Багрянцева сынды театрдың алдыңғы қатарлы актрисаларын бір шоқжұлдызға жинаған режиссер Владимир Крылов болды. Ал бұл спектакльдің демеушісі Француз Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы болғанын атап өту керек.

          Орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің 221-жылдығына орай Ресей Федерациясының қолдауымен театрымыздың аты аңызға айналған сахнасында режиссер  Ольга Бобриктің «Пушкин Live» спектаклі қойылды.

Қазақстан журналистері індетпен күрестің алдыңғы қатарында. 

Қазақстанның Н. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры елдегі және әлемдегі қалыптасқан жағдайды жедел баяндау жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқаны және қолғабыс көрсеткені үшін өзінің ақпараттық серіктестеріне, КТК  және 1Евразия телевизия арналарының тілшілеріне, операторларына, редакторларына алғысын білдіреді. Журналистер, сіздердің арқаларыңызда ең шынайы жаңалықтарды біз бірінші болып білеміз. 
Бүгін тағы бір жаңалық бар, ол Марина Цветаеваға арналған ARS AMANDI спектаклінің күтілген Премьерасына қатысты. Карантинге жабылған қалада көрерменсіз спектакль болып өтті. Бұл Әртістердің өздерінің қымбатты көрермендерін қолдауға білдерген ниеті еді.
Аңызға айналған ел Театры, қымбатты журналистер, сіздерге зор денсаулық және бақ-береке тілей отырып, театрдың тігін цехы мен қызметкерлері дайындаған көп рет қолдануға болатын медициналық маскаларды сыйға тартады.  Бүкіл әлем зұлым вируспен күресіп жатқан бәріміз үшін қиын кезде,  сіздер ештеңеге қарамай, отандастарымыздың әрдайым хабардар болуын және қауіпсіздік шараларын уақтылы қабылдауын ойлап, алдыңғы шепте жүрсіздер. 
Елімізге жасаған баға жетпес көмектеріңіз үшін алғыс білдіреміз!